Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі басталды.
Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы мектеп- лицейінде 11.04—21.04.2022ж аралығында өтетін «Бастауыш-білім бастауы» атты онкүндігінің ашылу салтанаты болды. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Ә.Егізекова, мектеп директоры Н.Ерназаров салтанатты жиынды ашып берді. Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары Н.Жасымбекова және бірлестік жетекшісі Г.Керимкулова апталықтың мақсатымен, жоспарымен таныстырды. Мектеп алды дайындық топ жетекшісі Ф.Жиенбекпен 4«ә»-сынып жетекшісі Г. Құрбанова дайындаған оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Барлық бастауыш сынып мұғалімдері апталықтың ашылуына атсалысып, жоғары деңгейде өтті.