Кішкентаева Тойкул апайдың атына кабинет ашылды.

«Алтын жүректі ұстаз»

Кішкентаева Тойкүл Қасымбекқызының «Қасымбек ата тағлымы» атты кітабының тұсаукесері және атаулы кабинетінің ашылу салтанаты болып өтті

Түркістан облысы Қазағұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде 2022жылдың 09 сәуірінде «Алтын жүректі ұстаз» тақырыбында Кішкентаева Тойкүл Қасымбекқызының «Қасымбек ата тағлымы» атты кітабының тұсаукесері және атаулы кабинетінің ашылу салтанаты болып өтті.ашылу салтанатын мектеп-директоры Нұхбек Ерназаров мырза ашты. «Алтын жүректі ұстаз» тақырыбындағы іс-шара қазақ тілі мен әдебиетінің пән мұғалімі, 6«А» сынып жетекшісі Аманкулова Роза Шолбайқызы жүргізді. Мерекелік іс-шараға аудандық маслихттың хатшысы Ө.Б.Көпеев мырза және әжелер ұйымының төрайымы Б.Смайлова қатысып,кабинеттің тұсауын кесті.
Ұстаздық жолында көп еңбек еткен,Ана жүректі жылулық нұрын сепкен,аяулы тұлғаға жас жеткіншектерге қамқорлық жасауда жанашырлық танытқан Алтын жүректі ұстаз –Тойкүл Қасымбекқызына деніңізге саулық,отбасыңызға амандық,төрден орын алған қасиетті тұғырдан түспеуіңізге тілектеспіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *