Мектеп директоры
Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ерназаров Нухбек Абдимажитович 1984 жылы маусым айының 28 жұлдызында, ОҚО Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекенінде дүниеге келген.
Ерназаров Нухбек Абдимажитович 2001-2005жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 5 жыл оқып, тарих және география пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Еңбек жолын
1) 01.09.2005 жылы «Болашақ» мектеп-гимназиясына келісім шарт негізінде тарих және география пәні мұғалімі етіп жұмысқа қабылданды.
2) 20.08.2012 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары етіп ауыстырылды.
3) 27.08.2013 жылы мектеп ұйымдастырушысы болып ауыстырылды.
4) 15.12.2017 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебіне директор лауазымына тағайындалды.
5) 2018-2021 жылдарда мектеп атауының ауысуына байланысты «Ащыбұлақ» жалпы орта білім беретін мекеменің директоры лауазымына қайта бекітілді.
6)10.08.2021 жылы Қ.Р. Еңбек кодексінің 139 бап 1-тармақшасына және 2021 жыл 06 тамыз күнгі конкурсының комиссиясының хаттамасына сәйкес, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің директоры лауазымына тағайындалды. Осы ұжымда төрт айдан аса қызмет етіп келеді.
МАРАПАТТАРЫ
ОББ Түркістан облысы – 2021 жыл №2542 Диплом ІІ дәрежелі «Ең үздік әдістемелік басылымдар» сырттай байқауында әдістемелік құрал әзірлемесі бойынша жүлделі ІІ орын иеленгені үшін марапатталды. АББ Қазығұрт ауданы «Озат тәжірибе» КБЖ 74.204 / Ж 41, 2021 оқу жылы таратылды.Түркістан облысының мәдениет бсқармасы Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының Диплом «Әлемді кітап арқылы танимын» тақырыбында «Бір мектеп-бір кітап» байқауының Ынталандыру сыйлығымен марапатталды.ERNUR корпорациясы «Алғыс хаты» 2021 жылы қазан айында марапатталды.Қазығұрт ауданы 2021 жылы «Нұр-Отан» партиясына « Алғыс» Қазығұрт аудандық мәслихат хатшысының «Алғыс хат» марапатталды.