Мектеп тынысы

Абай және рухани жаңғыру

Орындаған:  Т.Рысқұлов атындағы  мектеп — лицейінің   4«Б» сынып  оқушысы  Төребай Айару Тасболатқызы

Бағыты:  Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Жетекшісі:  Керимкулова Гулмира Курбанбекқызы

Abai jane ruhani jangyry

Сланбек Әбдімәжит Бақкелдіұлы Жоғарығы оқу орнының үздік студенті, Республикалық, калалық пікірсайыс турнирлерінің жүлдегері. 2018 Нархоз университетінде өткен «Ice-Scream VI» республикалық пікірсайыс турнирінің 3 орын иегері, 2019 жылы Қазақстан-Ресей медициналық университетінде ұйымдастырылған республикалық пікірсайыс турнирінің 1 орын иегері және турнирдің «Үздік спикері» АТУ ректоры кубогіне арналған турнирдің 1 орын иегері, 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік жас буын» номинациясының иегері, «Жаңа бизнестің идеясы және жобалары» атты стартап –жобалар конкурсының лауреанты, «Тәуелсіздік ел тірегі – білімді ұрпақ» атты брейнринг сайысының 3 орын иегері. Бірнеше ғылыми практикалық конференциясы қатысушысы. 2020 жылы Алматы технологиялық университетінің «Үздік студенті», «IQ Almaty» теле-жобасының қатысушысы. АТУ ректоры және Алмалы ауданы Әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Ергеш Андас Еркінұлы Халықаралық Ақ көгершін конкурсы 2 орын Астана 2011ж,  Халықаралық Бозторғай конкурсы 3 орын Алматы 2012 ж, Халықаралық Ғұмырдария Алматы 1 орын 2013 ж, Халықаралық Жұлдызға жол 1 орын 2013ж, Өнер академиясында Халықаралық Ш.Қалдаяқов конкурсы Дипломант 2014ж, Золотой голос 1 орын Астана 2014ж, Е.Хасанғалиев Конкурсы Халықаралық 2 орын Қызылорда , Халықаралық Жұлдыз конкурсы 1 орын Қарағанды, Республикалық олимпиада 1 орын 2016ж Астана, Атадан мұра конкурсы Гран при Алматы 2017ж, А.Қоразбаев Әндер конкурсы 1 орын Тараз 2018ж

Зияткер бала – мектептің мақтанышы. ’’Білекті бірді , білімді мыңды жығады” деген халық  даналығы бекер айтылмаса керек. Білімнің негізінде болашаққа деген үкілі үміт пен  шынайы сенімді ақтау және талантты балалардың білімін шыңдау мақсатында жыл сайын  дәстүрлі аудандық пәндер олимпиадасы өтіледі.

Сол аталған пәндер олимпиадасынан ауданымызда бәйгеден оза шауып, жүзден жүйрік атанған 11 А сынып оқушысы Қалдыбаев Диас — математика пәні бойынша үш жыл қатарынан жүлделі орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алған дарынды оқушы. Атап айтсақ, облыстық  пәндер олимпиадасынан 2018-2019 оқу жылында номинация иегері болса , 2019-2020 оқу жылында жүлделі  ІІІ дәрежелі дипломмен және 2020-2021 оқу жылында жүлделі  ІІ дәрежелі  дипломмен марапатталды.

Пәндердің  ішіндегі  ең күрделісі  әрі  қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі — математика. Математика сабағында оқушылардың  білімділігін, құзіреттілігін  қалыптастырған, талантты шәкіртті  баптаған жас ұстаз Қолдасов Ерболдың  еңбегі  орасан.

«Алтын жүректі ұстаз»

Кішкентаева Тойкүл Қасымбекқызының «Қасымбек ата тағлымы» атты кітабының тұсаукесері және атаулы кабинетінің ашылу салтанаты болып өтті

Түркістан облысы Қазағұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде 2022жылдың 09 сәуірінде «Алтын жүректі ұстаз» тақырыбында Кішкентаева Тойкүл Қасымбекқызының «Қасымбек ата тағлымы» атты кітабының тұсаукесері және атаулы кабинетінің ашылу салтанаты болып өтті.ашылу салтанатын мектеп-директоры Нұхбек Ерназаров мырза ашты. «Алтын жүректі ұстаз» тақырыбындағы іс-шара қазақ тілі мен әдебиетінің пән мұғалімі, 6«А» сынып жетекшісі Аманкулова Роза Шолбайқызы жүргізді. Мерекелік іс-шараға аудандық маслихттың хатшысы Ө.Б.Көпеев мырза және әжелер ұйымының төрайымы Б.Смайлова қатысып,кабинеттің тұсауын кесті.
Ұстаздық жолында көп еңбек еткен,Ана жүректі жылулық нұрын сепкен,аяулы тұлғаға жас жеткіншектерге қамқорлық жасауда жанашырлық танытқан Алтын жүректі ұстаз –Тойкүл Қасымбекқызына деніңізге саулық,отбасыңызға амандық,төрден орын алған қасиетті тұғырдан түспеуіңізге тілектеспіз!

«Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі басталды»
Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы мектеп- лицейінде 11.04—21.04.2022ж аралығында өтетін «Бастауыш-білім бастауы» атты онкүндігінің ашылу салтанаты болды. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Ә.Егізекова, мектеп директоры Н.Ерназаров салтанатты жиынды ашып берді. Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары Н.Жасымбекова және бірлестік жетекшісі Г.Керимкулова апталықтың мақсатымен, жоспарымен таныстырды. Мектеп алды дайындық топ жетекшісі Ф.Жиенбекпен 4«ә»-сынып жетекшісі Г. Құрбанова дайындаған оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Барлық бастауыш сынып мұғалімдері апталықтың ашылуына атсалысып, жоғары деңгейде өтті.