Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары


Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің І ауысым бойынша директорының оқу — ісі жөніндегі орынбасары Арыстанбекова Назира Шинарқызы
Арыстанбекова Назира Шинарқызы ОҚО Төлеби ауданында қыркүйектің 01 ші жұлдызында 1967жылы дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтына 1985жылы математика мамандығы бойынша оқуға түсті.
2013 – 2014 оқу жылында аралығында директордың оқу — ісі жөніндегі орынбасары қызметіне қабылдандым. 2013 жылдың тамыз айынан бастап, бүгінгі күнде директордың оқу — ісі жөніндегі орынбасары қызметте.
2014 жылы Алматы қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Гуманитарлық пәндерді оқытудазаманауи технологияларды пайдалану» — тақырыбында курстан өткен.
2018 жылы Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында «Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу» — білім беру бағдарламасы бойынша үйлестірушілердің оқыту курсын аяқтады. 2019 жылы «Даму» Республикалық педагогикалық – психологиялық дамыту орталығында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту сапасын көтерудегі заманауи әдістер» — тақырыбында курстан өтті.
Өз білімін көтеру мақсатында 2017 жылы Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» — білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту 3 – айлық деңгейлік курсын бітіріп келді.
МАРАПАТТАРЫ
1990 жылы — аудандық сынып жетекшілер сайысы – І орын
1991 жылы — аудандық математиктердің сайысына қатысты – І орын
1993 жылы — аудандық сынып жетекшілер сайысы – І орын
1999 жылы — аудандық жыл мұғалімі – ІІ орын
2000 жылы — аудандық жыл мұғалімі – І орын
2001жылы – Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың алғыс хаты
2002 жылы — «Үлгілі шаңырақ сайысы» — қатысып І орын
2008 жылы — тамыз маслихатында «Сынып жетекшінің қызметі» тақырыбындағы баяндама оқылып, І орын алған
2008 жылы — аудандық «Үздік мұғалім – 2008» байқауының жеңімпазы.
2009 жылы — «Сынып жетекшіге дидактикалық көмек» тақырыбында тәжірибесі ауданға кітапша ретінде таратылды.
2009 жылы — аудандық семинарда белсене араласқаны үшін аудандық білім бөлімінің басшысы С.Серкебаев «Мадақтама – грамотамен» марапаттады.
2011 жылы- ұстаздар мерекесімен аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.Қыстаубаев «Алғыс хатпен» марапатталды.
2012 жылы — аудандық семинарды өткізуде белсене қатысқаны үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Қыстаубаев «Алғыс хатпен» марапатталды.
2013 жылы — педагог ұйымдастырушылардың аудандық семинарында құнды баяндама оқығаны үшін аудандық білім бөлімінің бастығы М.Тасқұлов «Алғыс хатпен» марапатталды.
2015 жылы — «Gurmet – AB» қоғамдық бірлестігінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2016 жылы — аудандық білім бөлімінің басшысы М.Тасқұловтың «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
2016 жылы — Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы медалімен наградталған.
2016 жылы — ұстаздар күні мерекесіне орай облыстық білім басқармасының басшысы Қ.Құлажанов «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
2018 жылы — қоғамдық жұмысқа белсене қатысқаны үшін облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө.Сағындықов «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2020 жылы – Тәуелсіздік күні мерекесінде аудандық білім бөлімі «Алғыс хатпен» марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *