Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ІІ ауысым бойынша директорының оқу — ісі жөніндегі орынбасары Суйеубекова Кулан Сералиевна. ОҚО Қазығұрт ауданы Сынтас ауылында 1968 жылы дүниеге келді.М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтына 1987 жылы математика мамандығына оқуға түсті. 1987 жылы Абай (чанак ) атындағы жалпы орта мектебіне аға важатый болып жұмысқа қабылданды. 1989 жылы Абай Жігірген бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасады.1994 жылы О.Жандосов негізгі орта мектебіне математика пәні мұғалімі болып жұмысқа кірді.1997 жылы Болашақ мектеп гимназиясында математика пәні мұғалімі болып жұмыс жасадым.
2001 жылы Т.Рысқұлов мектеп – лицейіне математика пән мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.
2015 -2016 оқу жылының аралығында директордың оқу — ісі жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданды.
2015 жылдың тамыз айынан бастап, бүгінгі күнде директордың оқу — ісі жөніндегі орынбасары қызыметінде.
2013 жылы Шымкент қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында « 12 жылдық білім беруге көшу жайында математика пәнін оқыту мәселелері» — білім беру бағдарламасы бойынша курсынан өтті.
2017 жылы Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында өз білімін көтеру мақсатында «Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру » — білім беру бағдарламасы бойынша үйлестірушілердің оқыту курсынан өтті.
2019 жылы Өрлеу «Математика пәні бойынша білім мазмұнын жаңарту шеңберінде» — білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтті.
МАРАПАТТАРЫ
2002 жылы Облыстық үздіксіз білім беру институты шығармашылық белсенділік танытқаны үшін марапаттады
2007 жылы — аудандық сынып жетекшілер сайысы – ІІІ орын
2012 жылы облыстық семинарда оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып өткізген ашық сабағы үшін марапатталды.
2012 жылы Аудандық оқушылардың ғылыми жобалар жарысында оқушысы жүлделі орынға ие болғаны үшін пән мұғалімі марапатталды.
2014 жылы Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың білім деңгейін көтеру тақырыбында аудандық семинарда сабақ көрсеткені үшін марапатталды.
2014- 2015 оқу жылының қортындысы бойынша үздік кабинет меңгерушісі ретінде танылып ІІІ орынға ие болғаны үшін марапатталды.
2017-2018 жылы Жаңартылған білім беру мазмұны –болашақтағы сапалы білім кепілі аудандық семинарда белсендік танытқаны үшін марапатталды.
2018 жылы Қазығұрт ауданының әкімі «Жас жеткіншектерге сапалы білім,саналы тәрбие берудегі»жемісті еңбегі үшін алғыс хат алды.
2019 жылы Т.Рысқұлов мектеп – лицейінің 30 жылдығына орай аудандық семинарда шығармашылық пен белсенділік танытқаны үшін марапатталды.
2019 жылы аудан көлемінде «Теңдеу құруға берілген есептер» тақырыбында кітап болып озат тәжірибе таратылды.
2019 жылы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы«Жас жеткіншектерге сапалы білім,саналы тәрбие берудегі біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны» үшін алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» атты тақырыбында өткен Облыстық тамз конференциясында жоғары дәрежеде инновациялық идеялары мен тәжірибесін бөліскені үшін Мадақтама
2021 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» тақырыбында өткен педагог қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясында жоғары дәрежеде инновациялық идеялары мен тәжірибесін бөліскені үшін Мадақтама