Мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары


Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сыныптар бойынша директорының оқу — ісі жөніндегі орынбасары Жасымбекова Нурзия Ақмолдаевна
Жасымбекова Нурзия Ақмолдаевна 1966 жылы қазан айының 3-ші жұлдызында, ОҚО Ордабасы ауданы Темирлан елді мекенінде дүниеге келді . Жасымбекова Нурзия Ақмолдаевна 1984-1989 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының бастауыш сынып педагогикасы мен методикасы мамандығы бойынша оқып бітірді. Осы жылы Қазығұрт ауданы, Шанақ елді мекеніндегі «Абай» атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастады.Қазіргі таңда, Нурзия Ақмолдақызы Т. Рысқұлов атындағы мектеп – лицейінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызыметін атқаруда Нурзия Ақмолдақызы — жас ұрпаққа саналы білім, сапалы тәрбие беруде аянбай еңбек етуінің нәтижесінде жаңашылдығымен ,ізденімпаздылығымен, ұжым мүшелерімен ынтымақтаса еңбек етіп, жоғары жетістіктерге жетуге ұжымды жігерлендіріп жүретін білімді ұстаз және білікті көшбасшы.
МАРАПАТТАРЫ
• 2008 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімінен «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
• 2009 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Мақтау қағазымен» марапалталды.
• 2009 жылы аудан көлемінде тәжірибесі таратылғаны үшін «Куәлік», «Мақтау қағазымен» марапаттады.
• 2010 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімі «Мақтау қағазымен» марапаттады.
• 2010 жыл Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы жас ұрпақты тәрбиелеудегі жемісті шығармашылық еңбегі үшін М.Туғанбаев «Алғыс хатпен» марапаттады.
• 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі А.И. Мырзахметовтың Грамотасымен марапатталды.
• 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасынан «Үздік автор» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
• 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасынан «Мақтау қағазымен» марапатталды
• 2015 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімінен «Алғыс хатпен» марапатталды.
• 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасынан «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
• 2016 жылы Қазығұрт аудандық мәслихатынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
• 2016 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімінен «Алғыс хатпен» марапатталды.
• 2018 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімінен шығармашалық ізденістері арқасында өз шеберлігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
• 2018 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімі «Инновациялық идеялар жобасы» тақырыбындағы байқауда ІІ-дәрежелі дипломмен марапаттады.
• 2019 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімі озат тәжірибе тарату бойынша «Куәлік» берілді.
• 2019 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімінің басшысынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
• 2019 жылы Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік орталық «Мадақтамамен» марапаттады.
• 2019 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми әдістемелік журнал «Алғыс хатпен» мапараттады.
• 2019 жылы Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
• 2019 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
• 2019 жыл www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиадаға жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
• 2020 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімі «Алғыс хатпен» марапаттады.
• 2020 жыл «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы Блиц-турниріне жеңімпаздарды дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапаттады.
• 2020 жыл Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы «Бастауыш сынып мұғалімдер олимпиадасынан» Бас жүлде Дипломы берілді.
• 2020 жыл Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы «Мұғалімдер пән олимпиадасы – бас жүлде иегері» төсбелгісімен наградталды.
• 2020 жыл Қазығұрт аудандық білім бөлімі «Зерде» балалар шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының І дәрежелі Дипломымен марапатталды.
• 2021 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
• 2021жылы Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінен «Алғыс хатпен» марапатталды.
• Жасымбекова Нурзия өз білімін көтеру мақсатында 2016 жылы Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» — білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.
• 2017 жылы Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында «Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру» — білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады.
• 2017 жылы Шымкент қаласында «Өрлеу» БАҰО «орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады.
• 1984 жылы Шымкент педагогикалық институтының Бастауыш сыныпты оқыту мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1989 жылы аяқтаған. Осы жылы Қазығұрт ауданы, Шанақ елді мекеніндегі «Абай» атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастады.Қазіргі таңда, Нурзия Ақмолдақызы Т. Рысқұлов атындағы мектеп – лицейінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызыметін атқаруда Нурзия Ақмолдақызы — жас ұрпаққа саналы білім, сапалы тәрбие беруде аянбай еңбек етуінің нәтижесінде жаңашылдығымен ,ізденімпаздылығымен, ұжым мүшелерімен ынтымақтаса еңбек етіп, жоғары жетістіктерге жетуге ұжымды жігерлендіріп жүретін білімді ұстаз және білікті көшбасшы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *