Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп – лицейі тарихы

«Ғылым мен білімін дамытқан ел ғана өркениет көшіне ілесе алады» Н.Назарбаев

          1989 жылдан бастап Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп болып ашылып, мектеп 2008 жылдан бері оқушыларға физика-математика және информатика пәндерінен тереңдете оқытатын мектеп – лицейі болып қайта құрылды.

Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Мектеп шәкірттерге үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Мектебіміз – барлығымыздың  мақтанышымыз.

        Мектеп Қазығұрт ауданындағы алғашқы, іргелі оқу орны болып табылады.

 Тарихи деректерге сүйенсек, мектепті әр жылдарда басқарған Б.Бахрамов, О.Мұсақұлов, К.Төреқұлов, М.Қарабаев, Ө.Көпеев, Ж.Құрбанов  мектептің материалдық – техникалық базасының нығаюына және оқу тәрбие процесінің деңгейін жоғары көтеруде көп еңбек еткен. Бұл аталған азаматтарды қабілетті, іскер ұйымдастырушы және әділ басшы болғанын мектептің байырғы ұстаздары мен ата – аналары үнемі еске алады.

Қазіргі таңда, тәжірибелі ұстаз, білікті басшы Алимбаев Бұхарбай Тағайұлы өзі басқаратын ұжымды тек биік белестерге жетелеп келе жатқанын ерекше айтып өткіміз келеді. Білім сапасының артуына үлесін қосып, талай жыл талмай- қажымай еңбек етіп келеді.

         1989 жылдан бастап мектептің байырғы ұстаздары О.Ниязова, О.Сағатова, Р.Тұрсынбаева, Ә.Ташимов,  А.Тұрдалиева, Р.Камалова, Р. Бектенова, М.Кемелова,  Т.Кішкентаева, З.Тастанбекова, С.Достаев, З.Құрбанов, С.Шушбаева, П.Ермекбаева, Қ.Құтымбетова, Н.Даулетова, А.Ағментаева сияқты ұстаздардың шәкірттерге терең білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектері мол. Аталған ұстаздарымыз қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста.  Т.Рысқұлов мектеп –лицейі ашылған күннен бастап  мектептің негізін қалап , осы ұжымда  ,осы мектепте  аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымыз- А. Наушабаева , Н. Арыстанбекова, Ж. Рыскелдиева, Ж. Нұрахаева, Д. Бейсебаева, С.Сахов, Б. Телікбаев, Р.Жолановалар бүгінгі күнде мектебіміздің мақтаныштары .

 Мектеп түлектері бұл күнде Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінде Құланбай Абай ,Қазығұрт аудандық орталық емханада оташы Қоңыратбаев Шерхан, Алтенов Бақытжан, Акбергенова Динара, Алматы қалалық орталық емханасында Сүйеубеков Бекзат , Қазығұрт аудандық пошта басшысы Есіркепов Даулет сынды азаматтар ел игілігі үшін еңбек етіп жүр.

         Кешегі негізгі мектептен, бүгінде физика-математика және информатика  пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп – лицейі дәрежесіне көтерілген іргелі оқу орны қасиетті ордаға айналды.

         Бүгінде киелі шаңырақ Т.Рысқұлов атындағы мектеп – лицейінде 50-сыныптан 1150 оқушысы бар үлкен білім ордасына айналды. Қазіргі таңда мектепте 130 мұғалім жұмыс істейді, барлығыда жоғары білімді ұстаздар, оның ішінде 49  жоғары санатты мұғалімдер.

     Еңбегінің жетістіктерімен кейінгі ұрпақтарға үлгі бола білген Қазақстан Республикасының «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісімен Н.Арыстанбекова, Ж.Қайпқұлова, С.Тәженов, Д. Бейсебаева, «Үздік Ұстаз» төсбелгісімен  Ш. Юсупова, Қазақстан Республикасының Білім  және ғылым министрінің Алғыс хатымен Н.Жасымбекова, А. Наушабаевалар марапатталған.

       Ә.Тастемирова, Ж. Рыскелдиева, Г. Жүнісова , Қ. Исқахова, Р.Исабекова, Б.Жұмалы , Н.Қаныбекова, К.Сүйеубекова сынды тәжірбиелі ұстаздар республикалық, облыстық , аудандық мақтау қағаздарымен марапатталған.

Б.Орынбаева облыстық «Үздік шығармашыл ұстаз» байқауында жеңімпаз атанған. Жанысбекова Салтанат – «Өрлеуге» — 5 жыл Халықаралық конференцияға дайындаған баяндамасы жинақ топтамасына енді.

Н.Мамыхов  – үздік – педагог  байқауында  2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мұғалімдер арасындағы аудандық, облыстық пән олимпиадалардан көптеген ұстаздарымыз жүлделі орындарға ие болған. Атап айтсақ, физика пәнінен К.Калубаева- ІІ орын, информатика пәнінен Н.Доскулова-ІІ орын, ағылшын тілінен А.Бименова-ІІ орын, бастауыш сыныптар бойынша Г.Керімқұлова – ІІ орындарға ие болды.

Мектептен ұшқан, мақтан етер түлектеріміздің алды жоғарғы оқу орындарын (грантпен) бітіріп, мамандық иелері атанып жатыр. Мектебіміздің мақтан етер түлектері осылар, алда талай мектебіміздің мерейін асыратын түлектер шығады деген ойдамыз.

        Мектеп ұжымы қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парызымыз деп санайды. Осы мақсаттағы басты міндет – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби қалыптастыру, оқушыларға үш тілді меңгерту, мектепті компьютерлендіру және интернет жүйесімен жұмыс жүргізуді басты назарға алуда.