Спорттағы жетістіктері

Оқушыларымыздың жетістіктеріне тоқталсақ,  Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында самбо күресінен мектебіміздің оқушысы Абдулла Еркебұлан (жетекшісі Тәженов Сапар) 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.  2019 жыл  «Жастар жылы» аясында белбеу күресінен жасөспірімдер қыздар арасында Мұрат Алина Түркістан облысының чемпионатында І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Абдулла Еркебұлан Байдуллаұлы Дзю-до, Самбо , Қазақ күрестерінен Спорт шебері,Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Самбо күресінен Азия чемпионы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Дзю-до күресінен азия біріншілігінің күміс жүлдегері Европа біріншілігінің жеңімпазы, Қазақ күресінен Кубок Конфедерация жүлдесінің қола жүлдегері Ұлттық спорт түрлерінің 4 фестивалінің Күміс жүлдегері, Белдесу күресінен Тұңғыш Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы

Муратова Алина Полатқызы Белбеу күресінен Қазақстан чемпионы, Самбо күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында күміс жүлдегері, Белбеу күресінен Түркістан облысы чемпионатында 1 орын дәрежелі, Самбо күресінен Түркістан облысының чемпионатының қола жүлдегері, Қазақша күрестен облыстық турнирден 1 дәрежелі, Ушу-Саньда күресінен Республикалық турнирдің 2 дәрежелі жеңімпазы, белбеу күресінен Түркістан облысының чемпионы, Дзю-до күресінен Түркістан облысының 3 дәрежелі жеңімпазы

 

Абдухашимов Мақсат (бапкері Даулетов Бекзат) шахматтан жасөспірімдер арасында  ауданымыздың 2017, 2018 жылғы чемпионы,  2017 жылы Сайрамда өткен Республикалық жарыста ІІІ-орын алған. 2019 жылы жасөспірімдер арасында облысымыздың чемпионы атанған.